Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыздың бірінші күнінде елімізде коронавирустан 110 адам көз жұмған

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: stream.weacom.ru

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмған адамдардың статистикасын жариялады.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 1-тамыз күні Қазақстан аумағында 110 адам - коронавирустан, тағы 16 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр - 17 науқастан.

Қарағанды облысында - 15, Ақмола облысында - 12, Алматы қаласында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 7, Павлодар облысында - 6, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарында - 4, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбе обылстарында - 3 адамнан қайтыс болған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925248-tamyzdyn-birinsi-kuninde-elimizde-koronavirustan-110-adam-koz-zumgan/

pixel