Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: ДСМ мамандары Қазақстанның 10 өңіріне барып, талдау жүргізді

Опубликовано:

Тоқаев ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атады
Көрнекі фото: piqsels.com

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырған пациенттерге көмек көрсету мақсатында ведомство мамандары Қазақстанның 10 өңіріне барып, талдау жүргізгенін айтты деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Алексей Цойдың сөзінше, Қазақстан 26 шілдеден бастап "қызыл аймақта" тұр. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңір қызыл аймаққа енген.

3 тамызда республика бойынша жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орын толымдылығы 56 пайызды құраса, реанимациялық төсек-орындар 44 пайызға толып қалған.

Инфекциялық төсек-орындардың толымдығы жөнінен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары көш бастап отыр. Ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

"Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында министрліктің жетекші қызметкерлері мен медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының мамандары Қазақстанның 10 өңіріне шығуын ұйымдастырды. Өңірлерде егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, жағдайды тұрақтандыру үшін нақты ұсыныстар берілді", - деді ведомство басшысы Алексей Цой.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой коронавирустың таралуы бойынша тамыз-қыркүйек айларына болжам ұсынған болатын.

"Эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде тамыз-қыркүйекте біз оптимистік сценариймен келе жатырмыз. 2 айда тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайды. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам", - деді Цой үкімет отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925259-coi-dsm-mamandary-qazaqstannyn-10-onirine-baryp-taldau-zurgizdi/

pixel