Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай нашарлады": Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Опубликовано:

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Премьер-министр Асқар Мамин індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты әкімдер мен министрлерге тапсырма берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 проценті, ал реанимациялық орындардың 44 проценті толық", – деді Мамин үкімет отырысында.

Ол пандемиядан шығудың жалғыз жолы вакциналау екенін тағы бір мәрте еске салды.

Айтуынша, қазіргі таңда 5,5 миллиондай адам вакцинаның бірінші компонентін және 4 миллионға жуығы екінші компонентін алды.

"Бұл жұмысты жалғастыру қажет", – деді премьер.

Мамин өңір әкімдері мен денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухана, бастапқы пункт, мобильді бригадалар мен ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді бұйырды.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуы бойынша тамыз-қыркүйек айларына болжам ұсынды.

Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын айтты. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары жаңа пайда болған "қою қызыл" аймақта тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925264-zagdai-nasarlady-mamin-ministrler-men-akimderge-tapsyrma-berdi/

pixel