RU

Атырауда бардың күзетшісі мониторинг тобының қызметкерін соққыға жықты

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраудағы танымал караоке-бардың күзетшісі бақылау тобының қызметкерін соққыға жықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті Ақ Жайық газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 1 тамыз күні таңғы сағат 4 шамасында "Рыба моей мечты" караоке-барында орын алған.

Мекеменің барлық тыйымға қарамастан түнімен жұмыс істегені белгілі болды.

Атырау қаласы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының қызметкерлері ереже бұзушылықты рәсімдеу үшін ішке кіруге тырысқан. Алайда бардың күзетшісі оларға кедергі жасап, қалалық жер қатынастары бөлімінің маманына жұдырық ала жүгірген.

"Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925289-atyrauda-bardyn-kuzetsisi-monitoring-tobynyn-qyzmetkerin-soqqyga-zyqty/