Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда самокат айдап жүрген 3 жасар қызды көлік басып кетті

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Талғарда автокөлік самокат мінген үш жасар қызды қағып кетті. Бүлдіршін алған жарақатынан қайтыс болған. Қайғылы оқиғағаның мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды. 2 тамыз күні самокат мінген кішкентай қыз көлік астына түскен. Жүргізуші болған жайтты бірден байқамай, асфальтқа түскен ойыншықтың дауысынан соң тоқтаған.

Осы мезетте оқиға орны маңынан учаскелік инспектор өтіп бара жатқан. Ол патрульдік көлікпен зардап шегушіні шұғыл ауруханаға жетізген. Алайда қызды аман алып қалу мүмін болмапты.

Алматы облысы полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 2 тамыз күні Талғардағы Қашқари көшесіндегі үйдің ауласында болған.

"Mercedes Sprinter көлігінің 24 жастағы жүргізушісі үйдің ауласына кіріп, 2018 жылы туған қызды басып кетті. Оқиға орны маңында болған Талғар аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы адамдардың жиналған себебін біліп, жәбірленушіні әкесімен бірге дереу ауруханаға жеткізді. Алайда 3 жасар қыз бала алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомство.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925303-talgarda-samokat-aidap-zurgen-3-zasar-qyzdy-kolik-qagyp-ketti/

pixel