Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефон қоңырауына жауап берген Сарыағаш тұрғыны 500 мың теңгесінен айырылды

Опубликовано:

телефон128
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында сарыағаштық әйел танымайтын адамның есепшотына жарты миллион теңге аударып, сан соғып қалған деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел алаяққа қалай алданғанын баяндаған.

Оның айтуынша, белгісіз біреу қоңырау шалып, "Сіз пәтер ұтып алдыңыз, соны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз" деп айтқан.

Содан ол танымайтын адамның есепшотына 500 000 теңге аударған. Осыдан кейін қоңырау шалушы телефонын көтермей қойған. Сол кезде Сарыағаш тұрғыны алданып қалғанын түсінген.

Полицияның мәліметінше, қазіргі кезде аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ал жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталған. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шыққан. Зардап шегушіге де сол жақтан хабарласып, құрығына түсірген. Қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысына жеткізген. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтықтың құрбаны болған Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға жүгінгені туралы жазған едік.

Тұүрғынның айтуынша, оның телефонына WhatsApp мессенджері арқылы "сілтемеге өтіп, ақша төлегеннен кейін сіз өз кірістеріңізді екі есе арттыра аласыз" деген сарында хабарлама келген. Сеніп қалған азамат сілтеме бойынша ол 34 мың теңге аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925309-telefon-qonyrauyna-zauap-bergen-saryagas-turgyny-500-myn-tengeden-aiyryldy/

pixel