RU

"ҚазТрансГаз" Алматы облысында метанның ағуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Газ
Көрнекі фото: kaztransgas.kz

"ҚазТрансГаз" компаниясы Алматы облысындағы газ құбырынан метанның ағып кетуі туралы болжам жасалған шетелдік БАҚ беттерінде шыққан ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар‌ ‌шетелдік‌ ‌БАҚ‌ ‌Алматы‌ ‌облысындағы‌ ‌газ‌ ‌құбырынан‌ ‌метан ‌ағып‌ ‌кет‌кен болуы мүмкін деген ақпарат таратқан.

Бұған Еуропалық ғарыш агенттігінің Sentinel-5P спутнигінің суреті мен деректері себеп болған. Хабарламада‌ ‌Kayrros‌ ‌SAS‌ ‌геоаналитикалық‌ ‌компаниясының‌ ‌мәліметтері‌ ‌келтірілген. Онда шығарындылар‌ ‌деңгейі‌ ‌сағатына‌ ‌200‌ ‌тонна‌ ‌метанды‌ ‌құрады‌ ‌деп‌ ‌мәлімделген.‌ ‌

Алайда ‌"ҚазТрансГаз" ‌АҚ‌ ‌келтірілген‌ ‌деректер‌ ‌шындыққа‌ ‌сәйкес‌ ‌келмейтінін айтты. Осыған байланысты баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Жарияланымдарда келтірілген деректер шындыққа сәйкес келмейді. "ҚазТрансГаз" АҚ‌ ‌өз‌ ‌объектілерінде‌ ‌қауіпсіздікті,‌ ‌соның‌ ‌ішінде‌ ‌экологиялық‌ ‌қауіпсіздікті‌ ‌қамтамасыз‌ ‌етуге‌ ‌үлкен‌ ‌көңіл‌ ‌бөледі.‌ ‌Ақпарат‌ ‌құралдарында‌ ‌жариялаған‌ ‌10‌ ‌миллион‌ ‌текше‌ ‌фут‌ ‌немесе‌ ‌300‌ ‌мың‌ ‌текше‌ ‌метр‌ ‌көлеміндегі‌ ‌газдың‌ ‌ағып‌ ‌кетуі‌ ‌туралы‌ ‌мәліметтер‌ ‌шындыққа‌ ‌жанаспайды‌ ‌және‌ ‌компанияның‌ ‌тәулік‌ ‌бойы‌ ‌жұмыс‌ ‌істейтін‌ ‌қауіпсіздікті‌ ‌бақылау‌ ‌жүйесінің‌ ‌назарынан‌ ‌тыс‌ қалуы‌ ‌мүмкін‌ ‌емес", - дейді компания. ‌ ‌

Сондай-ақ "ҚазТрансГаз" бірде-бір объектісінде мұндай ірі газ шығыны болмағанын айтты. Газ атмосфераға шығарылды, бірақ жоспарланған жұмыстар аясында ғана.

"Азиялық‌ ‌газ‌ ‌құбыры" ЖШС‌ ‌(бұдан‌ ‌әрі‌ ‌–‌ ‌"АГҚ" ‌ЖШС),‌ ‌сондай-ақ‌ ‌"Бұхара‌ ‌газды‌ ‌ауданы‌ ‌–‌ ‌Ташкент-Бішкек-Алматы" ‌магистральдық‌ ‌газ‌ ‌құбырында‌ ‌және‌ ‌Алматы‌ ‌облысының‌ ‌газ‌ ‌тарату‌ ‌жүйелерінде‌ ‌аталған‌ ‌күні‌ ‌(2021‌ ‌жылғы‌ ‌24‌ ‌шілдеде)‌ ‌табиғи‌ ‌газдың‌ ‌ауаға‌ ‌таралуы‌ ‌болған‌ ‌жоқ.‌ ‌ ‌

Көрсетілген‌ ‌координаттар‌ ‌бойынша‌ ‌"АГҚ" ‌ЖШС-ның‌ ‌"Қазақстан-Қытай" ‌МГҚ‌ ‌КС-6‌ ‌орналасқан.‌ ‌Осы‌ ‌"АГҚ" ‌ЖШС-ның‌ ‌компрессорлық‌ ‌станциясында‌ ‌2021‌ ‌жылдың‌ ‌24‌ ‌шілдесінде‌ ‌атмосфераға‌ ‌16,7‌ ‌мың‌ ‌текше‌ ‌метр‌ ‌немесе‌ ‌0,5‌ ‌млн.‌ ‌текше‌ ‌фут‌ ‌көлемінде‌ ‌газ‌ ‌айдайтын‌ ‌жабдықтарға‌ ‌қызмет‌ ‌көрсету‌ ‌бойынша‌ ‌жоспарлы‌ ‌жұмыстар‌ ‌жүргізілді.‌ ‌Барлық‌ ‌растайтын‌ ‌құжаттар‌ ‌мен‌ ‌актілер‌ ‌бар.‌ ‌ ‌Бұл‌ ‌шығарындылар‌ ‌Алматы‌ ‌облысы‌ ‌бойынша‌ ‌2021‌ ‌жылға‌ ‌арналған‌ ‌"АГҚ»" ‌ЖШС-ның‌ ‌шығарындылар‌ ‌квотасына‌ ‌кіреді", - дейді баспасөз қызметі.

Компания газды‌ ‌қауіпсіз‌ ‌тасымалдау‌ ‌үшін‌ ‌газ‌ ‌құбырларының‌ ‌тұтастығына‌ ‌тұрақты‌ ‌мониторинг‌ ‌жүргізілетінін хабарлады.‌ ‌Одан бөлек, құрал-жабдықтар‌ ‌мен‌ ‌құрылыстардың‌ ‌ықтимал‌ ‌зақымдануының‌ ‌алдын‌ ‌алу‌ ‌және‌ ‌анықтау‌ ‌бойынша‌ ‌жұмыстар‌ ‌жүргізілуде.‌ ‌

Осы‌ ‌мақсаттар‌ ‌үшін‌ ‌магистральдық‌ ‌газ‌ ‌құбырлары‌ ‌бойынша‌ ‌трассаларды‌ ‌айналып‌ ‌ұшу‌ ‌және‌ ‌айналып‌ ‌өту,‌ ‌ал‌ ‌тарату‌ ‌желілері‌ ‌бойынша‌ ‌"ДЛС-ПЕРГАМ" ‌газ‌ ‌анализаторын‌ ‌пайдалана‌ ‌отырып‌ ‌тексеру‌ ‌жүргізіледі.‌ ‌

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925313-qaztransgaz-almaty-oblysynda-metannyn-aguyna-qatysty-pikir-bildirdi/