Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшаларды Ashyq жүйесіне қосу ұсынылды

Опубликовано:

Ashyq қосымшасы
Көрнекі фото: gov.kz

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қаладағы балабақшаларда Ashyq жобасын іске асыру ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы бұл ұсынысты қалалық кәсіпкерлер палатасы жасап отыр. Себебі эпидахуал әлі де ушығып тұр, дейді ведомство.

Өткен тәулікте мегаполисте коронавирус 1540 адамнан анықталған. Ал тамыз айында 34 мыңнан аса адам ауру жұқтырады деген болжам бар.

Алматы қазіргі уақыттар "қоңыр-қызыл аймақта". Осыған байланысты жаңа қаулы күшіне енген.

Құжатқа сәйкес, алдағы екі апта бойы бірқатар нысан жұмыс күндері кешкі сегізге дейін, ал "Ashyq көшбасшылары" түнгі онға дейін жұмыс істейді. Бірақ демалыс күндері жұмысын тоқтатады.

Бұл шектеулердің дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен әкімдіктер, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат ұйымдарына қатысы жоқ. Барлық спорттық, отбасылық шаралар қатаң бақылауда болады.

"Өткен аптада короновирус инфекциясын жұқтыру алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Яғни бір аптада 9852 адам вирус жұқтырған. Ал тәуліктік өсім 1,7 пайызға артып отыр. Науқастардың жасы бойынша жасалған қорытындыға сәйкес ауру жұқтырудың негізгі көрсеткіші егде жастағы азаматтарға тиесілі. Одан бөлек, жасөспірімдер арасында вирус жұқтыру 0,7 пайызға өскенін айта кету керек", - дейді Алматы қалалық бас санитарлық дәрігердің орынбасары Әсел Қалықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925314-almatyda-balabaqsalarda-ashyq-qa-qosu-usynyldy/

pixel