RU

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны бойынша антирекорд тіркелді

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен коронавирустық пневмониядан 149 адам көз жұмды. Бұл - елде пандемия басталғалы бері тіркеліп отырған рекордтық көрсеткіш. Мұндай мәліметтерді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-каналында жария етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2 тамызда республикада 471 адамнан коронавирустық пневмония анықталып, 25 адам көз жұмған.

Сонымен қатар, 2 тамызда 124 науқас коронавирустан қайтыс болған.

Нәтижесінде коронавирус пен коронавирустық пневмониядан барлығы 149 адам көз жұмып отыр. Бұл - Қазақстанда пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш.

Бұған дейінгі антирекорд 1 тамызда тіркелген болатын, ол кезде дерттен 126 адам қайтыс болған еді.

Айта кетейік, қазір жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 602 952-ге жетіп отыр.

Бүгінде коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Түркістан облысынан өзге өңірдің барлығы "қызыл" аймақта қалып отыр.

4 тамыздағы жағдай бойынша Түркістан облысы "сарыдан" "жасыл" аймаққа өткен.

Осы орайда дертке шалдыққандардың көбеюіне алаңдаушылық білдірген премьер-министр Асқар Мамин әкімдер мен министрлерге арнайы тапсырма берген болатын.

"Дельта" штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толық", - дейді үкімет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925438-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qaza-tapqandar-sany-boiynsa-antirekord-tirkeldi/