Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су арқылы улайды": Туыстар чатынан тарап кеткен хабарлама елді дүрліктірді

Опубликовано:

Су ішу
Көрнекі фото: Daria Shevtsova / Pexels

Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған аудиохабарламға қатысты түсініктеме берді.

Автор хабарламаны мессенджердегі туыстарының чатына жіберген. Жазба жан-жаққа тарап кеткен деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Қымбатты туыстарым, сіздерге жағымсыз бір жаңалық бар. Жаңа ғана бір вирусологпен әңгімелескен едім. Ол вирустармен тікелей жұмыс істейді. Барлық суды улап жатқанын айтты. Бұл ақпаратты құпияда ұстайды екен. Бөтелкедегі су болсын, диспенсер болсын, қандай су болса да, қайнатпай ішпеңдер деді. Су арқылы бәрін улайды. Кішкентай балаларды, жастарды улап жатыр деді", – дейді жазба авторы.  

Дыбыстық хабарлама авторы еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

"Жастарды байқаңдар деді. Үйден шығармаңдар. Дүйсенбіден бастапты. Шикі суды ішпеңдер. Бәрін қайнатып ішіңдер", – деп атап көрсетті ол. 

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аудиожазбада айтылған мәселені жоққа шығарды.

"Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда", – деді комитет мамандары.

Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті комитет ағымдағы жылдың сәуір айында жоққа шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925501-su-arqyly-ulaidy-tuystar-catynan-tarap-ketken-xabarlama-eldi-durliktirdi/

pixel