Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасы вакцина салдырмаған балалар балабақшаға қабылданбайтыны рас па

Опубликовано:

Балабақша
Көрнекі фото: stopfake.kz

Іnstagram қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған балалардың балабақшаларға қабылданбайтыны туралы ақпаратты талқылап жатыр деп жазады Stopfake.kz.

Алайда ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды.

"Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14.07.2021 жылғы №32 "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады", – деп хабарлады ведомстводан.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген.

Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты.

Алайда аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925519-ata-anasy-vakcina-saldyrmagan-balalar-balabaqsaga-qabyldanbaityny-ras-pa/

pixel