Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жания Азаматқызы: Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны қалай анықталды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Жания Азаматқызы осы жылдың 20 маусымында Алматы қаласында дүниеге келді. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайты хабарлады.

Қазақстан халқының саны 19 миллион адамға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баланың туу туралы куәлігіндегі жазбаларға сәйкес, баланың ата-анасы Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылында тұрады.

Қыздың ата-анасы туралы ақпарат бар. Анасы – Көбентаева Назгүл Балтабайқызы, 1986 ж.т., әкесі – Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев, 1982 ж.т.

Ұлттық статистика бюросы 19 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды ескере отырып жүргізілгенін түсіндірді:

  • табиғи өсім (белгілі бір кезеңдегі тірі туғандар мен өлгендер арасындағы айырмашылық);
  • көші-қон сальдосы (ел аумағына белгілі бір уақытқа келгендер саны мен елден кеткендер арасындағы айырмашылық).

Сонымен қатар, Қазақстанның 19 миллионыншы азаматының кандидатурасы тұрғылықты жеріне қарамастан республика бойынша тұтастай анықталғаны атап өтілді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 2557,9 мың адамға (15,5%-ға) өсті және осы жылдың 1 шілдесіне 19 009,6 мың адамды құрады.

Ақпараттық кесте
Диаграмма: stat.gov.kz

1991 жылмен салыстырғанда туғандар саны 353,2-ден 2020 жылы 426,8 мың адамға дейін өсті.

Ақпараттық кесте
Диаграмма: stat.gov.kz

Халықтың 1000 тұрғынына шаққандағы туу санын көрсететін жалпы бала туу коэффициенті 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері 21,5-тен 2020 жылы 22,8-ге дейін өсті.

Ақпараттық кесте
Диаграмма: stat.gov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925544-zaniya-azamatqyzy-qazaqstannyn-19-millionynsy-turgyny-qalai-anyqtaldy/

pixel