Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбенің Ембі қалалық ауруханасына 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық қозғалған деп хабарлайды polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 01:30-да Ембі қаласы ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 16 жастағы кәмелетке толмаған баланы пышақ жарақатымен жеткізді.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Екі кәмелетке толмаған баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі (Қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция мен білім беру органдары болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.

"Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады, егер алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылса", – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында ауладағы төбелестен кейін 12 жасар бала көз жұмғанын жазған едік.

Полицейлер марқұмның аулада 13 жасар баламен жанжалдасқанын анықтады. Төбелес болып, марқұм дене жарақатын алған. Болған жайт видеоға түсіп қалып, ол әлеуметтік желіде жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925549-aqtobede-zasospirimder-tobelesip-bireui-pysaq-zaraqatyn-aldy/

pixel