Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 градус ыстық, бұршақ, жаңбыр: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Велосипед
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, жаңа жер аудандарындағы циклон және оның атмосфералық фронттары республиканың солтүстік жартысына найзағай, бұршақ, қатты жел әкеледі. Сондай-ақ ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады.

Термометр бағаны түнгі уақытта еліміздің батысында 15-25 жылылықты, солтүстігінде 10-20 жылылықты көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус жылы болады.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа-райы сақталады. Кей жерлерде шаңды дауыл мен жел күшейеді. Сонымен бірге, ауа температурасы түнде 20-28 градус жылы болса, күндіз 32-42 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер жаз мезгілінің соңғы айы - тамызға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және көбінесе құрғақ ауа райы болады. Тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925551-42-gradus-ystyq-bursaq-zanbyr-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel