Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судья "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Шәріптің сот залынан босатылуын түсіндірді

Опубликовано:

Берік Шәріп
Берік Шәріп. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке сот үкімі оқылғаннан кейін судья Қанат Дүйсембиев не себепті ақтау үкімін шығарғанын түсіндірді. Шәріп қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша ақталып, қару сақтағаны үшін айыппұл арқалады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Миллиондаған шығындар

Судья тергеу барысында Шәріптің іс-әрекеті мен медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыруы арасында байланыс анықталмағанын айтты.

Айыптау нұсқасында Шәріптің "Іңкәр" ЖШС мүддесін қолдағаны көрсетілген. Судьяның түсіндіруінше, "Іңкәр" ЖШС үшін пайда түсіру фактісі іс материалдарынан алынбаған.

Дүйсембиев Қытайдан Қазақстанға жеке қорғаныш құралдарын жеткізбеген "Іңкәр" ЖШС келісімшарт үзілгеннен кейін аванс ретінде төленген 160 млн теңгені "СҚ-Фармацияға" қайтарып бергенін айтты. Ал ЖШС-ның өзі қытайлық компанияға 365,4 млн теңге алғытөлем жіберген. Алайда бұл ақша ЖШС-ға әлі қайтарылмаған.

Жеке қорғаныс құралдарын жеткізбегені үшін ЖШС 10 миллион теңге өсімпұл төледі және "Бүркіт" әуе компаниясының қызметі үшін 60 млн теңге төлеген. Еске салайық, "Бүркіт" ұшағын қорғаныш құралдарын әкелуге жіберген. Бірақ алғашқы рейспен қорғаныш құралдарын алу мүмкін болмаған. Осылайша, судьяның сөзінше, "Іңкәр" ЖШС үлкен шығынға ұшыраған.

Дәрігерлердің жаппай ауру жұқтыруы

Айыптау нұсқасында Қазақстанға жеке қорғаныш құралдары жеткізілмегендіктен, дәрігерлер жаппай ауру жұқтырғаны көрсетілен. Судьяның түсіндіруінше, бұл нақты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың нәтижесі екенін анықтау мүмкін емес. Іс бойынша бірде-бір сарапшы дәрігерлердің вирус жұқтыруына нақты қорғаныш құралдарының болмауы себеп болғанын көрсетпеген.

"Шәріп қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқаны үшін ғана емес, қамауда заңсыз ұстағаны үшін де өтемақы алуға құқылы. Оның моральдық, материалдық шығынды, көрсетілген мерзімде төленбеген жалақысын, қорғаушының қызметін төлеуге кеткен өкілдік шығындарды өндіруге құқығы бар", - деді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925557-sudya-sq-farmaciyanyn-eks-bassysy-sariptin-sot-zalynan-bosatyluyn-tusindirdi/

pixel