Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желідегілер Қазақстан Қытайға қосылуы мүмкін деген әзілді талқылап жатыр

Опубликовано:

Қытай туы
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Қытай елшісі Қазақстан ҚХР-ға қосылған жағдайда елдің сыртқы қарызы өтелетіні туралы мәлімдеме жасады деген ақпарат тарауда.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяоның еліміз ҚХР құрамына кірген жағдайда, оның сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екендіктері жайлы мәлімдегені туралы хабарлама таратылуда. Алайда Stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Бұл жаңалықтың дереккөзі Instagram желісіндегі qazinform24 парақшасы болып отыр. Бұл парақшада сатиралық бағыттағы жалған жаңалықтар шығады.

Парақшада "Қоғам және саясат. Сатиралық контент. Фейк-ньюс", - деп жазылған.

Сатира
Фото: instagram.com/qazinform24

Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ. Төтенше және Өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған.

"Демек, ҚХР құрамына кірсе, Қазақстанның сыртқы қарызы жабылатыны туралы хабарламалар фейк. Оны кейбір пайдаланушылар сатиралық парақшаны дереккөз ретінде көрсетпей таратады", - делінен хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Іnstagram қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған балалардың балабақшаларға қабылданбайтыны туралы ақпаратты талқылап жатқанын жазған едік. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925563-zelidegiler-qazaqstan-qytaiga-qosyluy-mumkin-degen-azildi-talqylap-zatyr/

pixel