RU

Қалалар мен өңірлер қандай жағдайда "қою қызыл" аймаққа енеді

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала немесе өңірдің қандай жағдайда "қою қызыл" аймаққа өтетінін түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 29 шілдедегі хаттамасы негізінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды. Онда шектеулерді қабылдау критерийлері анықталды және "қою қызыл" аймақ анықтамасы пайда болды", - деді Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингіде.

Спикер коронавирусқа қатысты аталған жаңа мәртебені анықтау механизмі туралы айтып берді.

"Қою қызыл" аймақ - 18 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстанның 5 қаласы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы кірген қауіпті аймақ (инфекциялық төсек-орынның толуы 70 пайыздан асқанда және 100 мың тұрғынға шаққанда 200 төсек-орын толған жағдайда). Осыған байланысты, "Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы" қаулы қабылданып, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс режиміне тиісті өзгерістер енгізілді", - деп түйіндеді Сархат Бейсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925570-qalalar-men-onirler-qandai-zagdaida-qoyu-qyzyl-aimaqqa-enedi/