Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы бассейндегі жастардың ерсі қылығына қатысты шағымды тексерді

Опубликовано:

бассейн
Көрнекі фото: Pexels.com

Оңтүстік астана полициясы жігіт пен қыздың бассейнде жыныстық қатынасқа түскені жайлы тұрғындардың шағымын тексерді. Қоғамдық орында ерсі қылық танытқан жастар анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда орын алған оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланып, қалың көпшіліктің наразылығын тудырды.

Полиция қызметкерлері аталған фактіні бірден тексеріп, тәртіп бұзушыларды ұстады. Қыз бен жігіт бассейнде жыныстық қатынасқа түскендерін жоққа шығарып отыр. Алайда, бұған қарамастан бейнежазбада бой көрсеткен ер азамат ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.

Оның видесын Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925576-almaty-policiyasy-basseindegi-zastardyn-ersi-qylygyna-qatysty-sagymdy-tekserdi/

pixel