Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысында бойжеткеннің мәйіті табылды

Опубликовано:

бойжеткен12
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат кешкі жеті шамасында "102" пультіне бойжеткеннің мәйіті табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түседі. Мәйіт Петропавлдағы "Речпорт" ауданында орналасқан тазарту құрылыстарынан табылған.

Оқиға орнына бірден жедел тергеу қызметі шығып, тиісті шараларды атқарды.

Табылған мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, бұл сәуір айында жоғалған бойжеткеннің мәйіті.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да жоғалып кеткен жігіттің денесі өзеннен табылғаны туралы жазған едік.

Жігіт бірінші тамыз күні үйінен кетіп, қайта оралмаған. Бір күннен кейін оның туыстарына бейтаныс адамдар қоңырау шалған. Олар Үлбі өзенінің жанынан өтіп бара жатқанда жігіттің заттары мен ұялы телефонын тауып алған.

Төртінші тамыз күні Үлбі өзенінен жоғалып кеткен жігіттің денесі табылып, жағаға шығарылды. Отбасы жоғалған ер адамды анықтады.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД ешбір жағдайда құтқарушылар жоқ және су түбі тексерілмейтін жабдықталмаған жерлерде шомылмау керектігін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1925603-sqo-da-boizetkennin-maiiti-tabyldy/

pixel