RU

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Sergei Chuzavkov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7792 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 610 744-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronunavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1434,

Алматы қаласы - 1570,

Шымкент қаласы - 535,

Ақмола облысы - 259,

Ақтөбе облысы - 403,

Алматы облысы - 320,

Атырау облысы - 397,

Шығыс Қазақстан облысы - 288,

Жамбыл облысы - 160,

Батыс Қазақстан облысы - 185,

Қарағанды облысы - 931,

Қостанай облысы - 279,

Қызылорда облысы - 205,

Маңғыстау облысы - 225,

Павлодар облысы - 303,

Солтүстік Қазақстан облысы - 151,

Түркістан облысы - 147.

Нәтижесінде Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 610 744-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала немесе өңірдің қандай жағдайда "қою қызыл" аймаққа өтетінін түсіндіріп берген еді.

Сондай-ақ, Бейсенова "Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы" қаулы қабылданып, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс режиміне тиісті өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді.

Одан бөлек, профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман COVID-19 салдарынан денсаулыққа қандай зиян келуі мүмкін екенін айтып берген болатын.

Ол вакцинациядан кейінгі жанама әсерлерден қорқу найзағайдан қорқып, жауынды күні көшеге шықпаумен бірдей әрекет деген ойын ортаға салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925615-otken-taulikte-elimizde-7792-adam-koronavirus-zuqtyrdy/