Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасынан уақытша бас тартуға шақырды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

ДДСҰ кедей елдерде препарат тапшылығына байланысты мемлекеттерді COVID-19 вакцинасының үшінші дозасынан уақытша бас тартуға шақырды деп хабарлайды Би-би-си.

Бірқатар елдер, соның ішінде Германия мен Израиль, дельта штаммынан жақсы қорғауды қамтамасыз ету үшін халыққа вакцинаның қосымша үшінші дозасын енгізуді шешті.

Бірақ ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус бұл идеядан бас тартуға және қазіргі жағдайда кедей елдерге көмектесуге шақырды, өйткені қазір COVID-19 вакциналарының тапшылығы байқалады.

Гебрейесус әлемнің әр еліне келесі айға дейін халықтың кемінде 10 пайызын вакцинациялауды мақсат етіп қойды. Бірақ қазіргі жағдайда мақсатқа жету екіталай.

Жақында Германия үкіметі өз азаматтарына қосымша Pfizer немесе Moderna дозасын беретінін мәлімдеді. Израильде үшінші компонент 60 жастан асқан адамдарға салынады.

Америка Құрама Штаттарына келетін болсақ, Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, олардың азаматтары үшін де, табысы төмен елдерге гуманитарлық көмек ретінде жіберу үшін де вакциналар жеткілікті.

Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7792 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 610 744-ке жетіп отыр.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте елімізде қауіпті вирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925649-ddsu-koronavirusqa-qarsy-vakcinanyn-usinsi-dozasynan-uaqytsa-bas-tartuga-saqyrdy/

pixel