Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында полиция кісі өлтірген болуы мүмкін күдіктінің суретін жариялады

Опубликовано:

Руслан Назмиев
Руслан Назмиев. Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысы полиция департаменті кісі өліміне күдіктіге іздеу салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның ақпаратынша, 27 жастағы Руслан Назмиевке іздеу салынған. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Ресей Федерациясының азаматы. Ақмола облысы Есіл қаласында өмірге келген. Ұлты - татар, бұрын сотталған.

Күдіктінің ерекше белгілері: бойы - 185 сантиметр, орта денелі, беті сопақша келген, қараторы, көзі қоңыр, тік мұрынды, қысқа қара шашты.

Руслан Назмиев
Руслан Назмиев. Фото: Ақмола облысы ПД

"Күдіктінің мекен-жайы туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден көрсетілген нөмірге хабарласуларын сұраймыз: 8 (7162) 29-10-09, 29-11-14, 8 776 110 65 65 немесе 102", - деді Ақмола облысы полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925699-aqmola-oblysynyn-policiyasy-kisi-oltirgen-boluy-mumkin-kudiktinin-suretin-zariyalady/

pixel