Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да сақтандыру төлемін алу үшін болмаған жол-апатын тіркеген полицей сотталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспекторы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Нұрдәулет Сәмет айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жол апатына қатысушыларды зардап шеккендер қатарына жатқызып, сақтандыру төлемін алу мақсатында полиция инспекторы Пазилов жол-көлік оқиғасын жалған тіркеу фактісі бойынша ӘҚБтК-нің 620-бабына сәйкес, әкімшілік іс жүргізу материалдарын бұрмалағаны үшін 80 мың теңге көлемінде пара алған", - дейді Нұрдәулет Сәмет.

Нәтижесінде полиция қызметкері сот алдында жауап беріп, 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері қазір сотта Орал полиция басқармасының қызметкеріне, сондай-ақ, БҚО эконимикалық тергеу департаментінің екі қызметкеріне қатысты алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

Биыл алты айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің БҚО бойынша департаменті 30 қылмысты тіркеген. Оның 75 пайызы жемқорлықпен байланысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоластындағы қызметкері жемқорлық дауына ілінген Талдықорған әкімінің орынбасары қызметінен босатылғанын жазған едік.

Қазір Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысына және бас маманына қатысты іс тергелуде. Олар қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша пара алды деген күдікке ілінген.

Күдіктілер карантин кезінде мейрамхана иелерінен және көшедегі сауда-саттық нүктелерінен 20 мыңнан бастап 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған деп айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925740-bqo-da-saqtandyru-tolemin-alu-usin-zol-apatyn-zalgan-tirkegen-policei-sottaldy/

pixel