Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 155 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында өткен тәулікте 155 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады.

6 тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырған 7769 адам тіркелген. Одан бөлек, 7696 пациент ауруынан айыққан. Тағы 129 науқас коронавирустан көз жұмған.

Қазіргі уақытта 107 807 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 30 139 пациент стационарда, 77 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 884 адамның жағдайы ауыр, 400 пациенттің жағдайы өте ауы деп бағалануда, 187 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 413 адамға аталған диагноз қойылып, 26 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ, 124 пациент жазылып шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында үш ай бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан науқас жазылып шыққанын жазған едік.

Ер адам ауруханаға коронавирус белгілері бар пневмония және қосалқы аурулармен түскен.

Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Пациенттің 95 күн ем қабылдауына тура келген. Соның 86 күнінде ол өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан.

Одан бөлек, Шымкентте қаласында коронавирус індеті кең таралуына қарамастан, той жасауын қоймаған 19 мейрамханаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, қызметі бір ай мерзімге тоқтатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925831-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-155-adam-qaitys-boldy/

pixel