Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BI Group компаниясы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

BI Group
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Тамызда Қазақстанда дәстүрлі түрде құрылысшылар күні атап өтіледі. Бүгін BI Group инновациялық құрылыс компаниясы Отаны, қызметкерлері, серіктестері мен тұтынушылары үшін тер төгіп жүрген барлық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Ел бойынша бүгінде құрылыс саласында 650 мың адам қызмет етсе, шектес салаларда 2,6 млн-ға жуық адам еңбектенуде. Бұл жүздеген мамандық иелері: арматурамен, бетонмен, кранмен, жиһазбен жұмыс істейтін адамдар, әрлеушілер, ағаш шеберлері мен сырлаушылар және тағы басқалар. Әрбірінің жаңа ғимараттарды тұрғызуда, қалаларды, зауыттарды салуда қосар үлестері зор. Құрылыс саласының өкілдеріне еңбектері үшін мың алғыс.

Құрылыс - соңғы жылдары қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. 2020 жылы құрылыс жұмыстарының ауқымы 5 трлн теңгені құрап, алдыңғы жылға қарағанда 11,2%-ға өскен. Девелопмент саласына құйылатын инвестициялар үштен бірге өсіп, тапсырылған үйлердің үлесі рекордты 15,3 млн шаршы метрді құраған. Пандемия өршіген соңғы екі жылдың қиындықтарына қарамастан, құрылыс мүлде тоқтамады. Құрметті құрылысшылар ел игілігі үшін кез келген дағдарысты жағдайда жұмыс істеуге дайын. Әлемдегі ең жасампаз мамандық иелеріне алғысымыз шексіз.

Құрылыс саласының экономикалық тиімділігі сонда: бір жұмыс орны шектес салаларда тағы 4-8 жұмыс орнының ашылуына әсер етеді. Соның арқасында материалдарды және құрылғыларды өндіру, металлургия және металл өңдеу, мұнай химиясы, шыны өндірісі, ағаш өңдеу өнеркәсібі, цемент өнеркәсібі, энергетика, тұрмыстық қызметтер және өзге де салалар тұрақты дамуда.

BI Group 5000 қызметкері, 30 000 бизнес серіктесі бар жүйелік институтқа айналған. Өзге де құрылыс компанияларымен қатар, компания Қазақстан қалаларының жаңа сәулетті бейнесін жасауға атсалысуда. Біз әрбір қызметкердің, серіктестің, тұрғынның сенімін бағалаймыз.

BI Development жобалары
BI Development жобалары. Фото: BI Group баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы компания елордада тұрғын үй кешендерінің 32 кезегін, Алматыда – 13 кезегін, Шымкенте 1 кезегін тапсырған. Алматыда «Алатау» емдеу-сауықтыру орталығы, Нұр-Сұлтанда Сentro бизнес орталығының құрылысы аяқталды. Жалпы компания 303 мың шаршы метр коммерциялық мүлік пен 5 млн шаршы метр тұрғын үйлерді меңгерумен айналысады. 300 мыңнан астам тұрғын компания клиенті болып табылады.

Пандемия басталғалы компания елдің 14 қаласында 15 емхана салды. Барлық мекемелердің қуаты – 3180 орын. Бүгінде бұл емханаларда мыңдаған отандасымыздың өмірі сақталуда.

Өткен жылы BI Group Қазақстанның киелі астанасы Түркістан қаласында бірнеше жобаларды іске асырды: хандар мен билер мұражайы, Драма театры, 7000 орынға шақталған стадион, «Нұр-Сұлтан» алаңы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі Hampton by Hilton Turkistan отелі.

BI Infra және BI Construction&Engineering жобалары
BI Infra және BI Construction&Engineering жобалары. Фото: BI Group баспасөз қызметі

Компания мамандарының еңбегінің арқасында осы жылы республика бойынша 260 шақырымнан астам жаңа жолдар салынды. Гидротехникалық құрылымдар жұмысы Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында жалғасуда.

Мереке күні Холдинг өз алғысын компанияның ардагерлері мен зейнеткерлеріне жолдайды. Жылдар бойы Холдинг осы адамдардың кәсібилігі мен даналығының арқасында өсіп келеді. Әсіресе «Құрметті құрылысшы» және «Құрметті жолшы» атақтарына ие болған құрылысшыларды атап өту керек. Мемлекеттік награданы мансабында биік белестерді бағындырған компанияның 17 өкілі алды:

Құрметті Құрылысшылар мен Жолшылар
Құрметті Құрылысшылар мен Жолшылар. Фото: BI Group баспасөз қызметі

Талғат Қожахметов, Максим Чернышов, Дүйсенбай Қалиев, Таңат Омаров, Ахмедия Мештаев, Данияр Льдетаев, Қазбек Абуов, Абзал Исабаев, Қайрат Түсіпбеков, Мұхтар Батыршаев, Қошберген Бердібаев, Андрей Гуцал, Кеңгірбай Райсов, Алишер Баккараев, Әсет Каримов, Болат Тұңғышбеков және Қанат Күшербаев. Сіздерді құттықтаймыз. Біз сіздермен мақтанамыз. Құрметті белгілермен марапатталғандардың ортақ корпоративті тәжірибесі 170 жылды құрайды екен.

Құрылысшы тек қабырғаларды салып, бетон құйып, кірпіш орнатумен айналыспайды. Бұл кәсіптің иесі өз қолымен келесі ұрпаққа жаңа өмір сыйлайды.

Бүгінгі Құрылысшылар күні мейрамына қатысты барша жандарды құттықтаймыз. Сіздердің кәсіптеріңіз – маңызды миссия. Әр басқан қадамдарыңыз сәтті болсын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925875-bi-group-kompaniyasy-qurylyssylardy-kasibi-merekesimen-quttyqtady/

pixel