Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 градус ыстық пен жаңбыр: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер 7-9 тамызға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды деп жазады zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде еліміздің орталығы, солтүстігі мен шығысында ауа райы жаңбырлы болмақ.

"Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ, жел күшейіп, солтүстік өңірлерде ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Батыста 45 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер жаз мезгілінің соңғы айы - тамызға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және көбінесе құрғақ ауа райы болады. Тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі.

Айдың екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары түседі. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі. Яғни, жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты, найзағай мен желдің күшеюі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925916-45-gradus-ystyq-pen-zanbyr-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel