Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО тас жолында болған жол апатынан әкімдік қызметкері қайтыс болды

Опубликовано:

Көлік апаты
Оқиға орны. Фото: БҚО ПД

Қайғылы оқиға туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде хабарланды. Шыңғырлау әкімдігінің 35 жастағы қызметкері тас жолда болған көлік апатынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 4 тамыз күні кешке орын алды. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің екі қызметкері отырған қызметтік автокөлік тас жолда аударылып кеткен.

"Орал-Шыңғырлау тас жолында "Нива" автокөлігі аударылып қалды. Жүргізуші жарақат алды, ал жолаушы сол жерде қаза тапты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Тимур Майранов.
Көлік апаты
Оқиға орны. Фото: БҚО ПД

Шыңғырлау ауданы әкімдігі құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы мен техникалық қызметкерінің іссапарға кеткенін атап өтті. Шыңғырлаудан 72 шақырым жерде орналасқан Ақшат ауылында олар азаматтардың өтініштері бойынша жер учаскелерін өлшеуге тиіс болды.

"Қайғылы оқиға олар аудан орталығына қайтып келе жатқан кезде болды. Белгісіз себептермен көлік аударылып кеткен. 35 жастағы Жұлдыз Ахмирова қаза тапты. Біз марқұмның отбасына көңіл айттық, материалдық көмек көрсеттік", – деп түсіндірді БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Екі көліктің жүргізушілері мен Geely-дің жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925942-bqo-tas-zolynda-bolgan-zol-apatynan-akimdik-qyzmetkeri-qaitys-boldy/

pixel