Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау тұрғынынан 200 келіден астам бекіре балығы табылды

Опубликовано:

Бекіре
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Маңғыстау тұрғынынан 200 келіден астам бекіре балығын тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қызмет барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері 2021 жылғы 3 тамызда Түпқараған ауданының жергілікті тұрғынының сарайынан жалпы салмағы 200 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтарды тауып, тәркіледі.

Сонымен қатар жедел уәкілдер тоңазытқыш, екі моторлы және бір резеңке қайық, бинокль, рация, су резеңке костюмі (гидрокостюм), сондай-ақ мың метрден астам балық аулау желісін тәркіледі.

Ұсталған 21 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Бекіре – қызыл кітапқа енгізілген балық. Мұндай балық аулауға заңмен тыйым салынған", – деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Еске сала кетейік, браконьерліктің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Жалағаш ауданының Төгіскен жерінде Шардара ауданының Шәкілі ауылының тұрғыны ұсталған еді.

Тексеру кезінде ұсталған адамның көлігінен қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың ұшасы табылды.

Күдікті ұсталған жерге жедел-тергеу тобы шақырылды. Инспекторлар полиция қызметкерлерін күтіп тұрғанда Қызылорда қаласының екі тұрғыны оқиға орнына келіп, инспекторлардың қызметтік автокөліктерінің бірінің дөңгелегіне мылтықтан оқ атқан. Содан кейін инспекторларға қауіп төндіріп, қарақұйрық ұшасын алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925973-mangystau-turgynynan-200-keliden-astam-bekire-balygy-tabyldy/

pixel