Алматы облысында бір тәулікте 40-тан астам бала коронавирус жұқтырған
Жарияланған күні:
Алматы облысында соңғы тәулікте 244 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, соңғы тәулікте КВИ 244 жағдайы тіркелді.
Өсу қарқыны – 0,7%, оның ішінде 196 симптомдық және 48 симптомсыз жағдай.
Коронавирус анықталған 244 жағдайдың 39-ы 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында – 28 және студенттер арасында 3 жағдай тіркелді.
Облыс өңірлері арасында өткен бір тәулікте індеттің тіркелу жағдайы келесідей: Ақсу – 2, Алакөл–21, Балқаш–7, Еңбекшіқазақ - 17, Ескелді–8, Жамбыл–22, Іле – 9, Қарасай – 30, Қаратал - 12, Кербұлақ – 41, Панфилов–4, Сарқан – 11, Талғар–16, Ұйғыр–10, Кеген – 4, Талдықорған – 20, Текелі – 10. 2020 жылдан бері ауруханадан 28 673 науқас емделіп шықты.
«9 тамыздағы жағдай бойынша, жалпы облыста КВИ-дің зертханалық расталған 34 903 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 23 421 симптомдармен. 100 мың тұрғынға шаққанда коронавируспен сырқаттанушылық көрсеткіші – 1633,0 құрады. Соңғы 2 апталық салыстыру кезінде облыс бойынша КВИ өсу қарқыны бір деңгейде тұр - 0,9%. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөлде - 1,9%, Балқашқа - 1,0%, Ескелдіде - 1,4%, Қарасайда - 1,8%, Қараталда - 1,2%, Кербұлақта - 1,8%, Сарқанда - 1,8%, Кегенде - 1,7% аудандар мен Қапшағай қаласында 1,4% байқалады», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926003-almaty-oblysynda-bir-taulikte-40-tan-astam-bala-koronavirus-zuqtyrdy/