Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханаға минут сайын екі науқас түсіп жатыр": Алматы дәрігерлері дабыл қақты

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Omer Evren Atalay/Anadolu Agency via Getty Images

Алматыда әр минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатыр. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Соңғы үш аптада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Оған "дельта" штаммы себеп болып отыр. Ол өте жұқпалы болғандықтан, жағдайы асқынып, көп адам ауруханаға жатуға мәжбүр. Жастардың ауруханаға түсуі жиіледі. 14 жасқа толмаған 200-ден астам бала инфекциялық ауруханада емделіп жатыр", – деді Табынбаев.

Оның сөзінше, қалада 7 625 төсек-орын бар. Оның 67%-і науқастарға толы. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 190 адамның жағдайы ауыр. 385 науқас жансақтау бөлімінде.

"Қазір күнделікті 700 адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Науқастар күндіз сағат 1-2, кешкі сағат 8-10 арасында көп түседі. Бұл уақытта сағатына 130 адам ауруханаға келеді. Демек, бір минутта екі науқас ауруханаға жатқызылады", – деді басқарма басшысы.

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қала дәрігерлері тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.

Айта кетері, соңғы 7 күнде алматылықтардың 30%-і сауда орындарында, 18%-і отбасындағы байланыс кезінде, 15%-і қоғамдық көлікте, 13%-і базарда, 4,6%-і демалыс саябақтарында, 4,1%-і дәріханада, 3%-і вирусті қала маңына сапарлау кезінде жұқтырған.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты қала тұрғындарына өтініш жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926005-auruxanaga-minut-saiyn-eki-nauqas-tusip-zatyr-almaty-darigerleri-dabyl-qaqty/

pixel