Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста фосфор тиелген контейнерден өрт шықты (фото)

Опубликовано:

Арыс өрт2
Фото: instagram.com/arys_kalasy_akimdig

Түркістан облысы Арыс қаласының теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шықты деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай 6 тамыз күні сағат 16:25 минутта болған.

Өрт "Арыс" теміржол вокзалында жүк пойызының металл контейнерінен шыққан. Контейнерде сары фосфор болған.

"ҚТЖ" АҚ күштерімен вагон пойыздан ажыратылып өзге жолға қойылды. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - дейді ТЖМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ведомство өртті сөндіру бойынша штаб құрылғанын мәлім етті.

Сондай-ақ, өртті ауыздықтау үшін ТЖД 26 қызметкері мен 5 техникасы, ҚТЖ" АҚ 12 қызметкері, 1 бірлік техникасы мен өрт сөндіру пойызы, ЖПБ 20 қызметкері мен 1 техника бірлігі, Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери бөлімінен 8 әскери қызметшісі және 2 бірлік техникасы, Арыс аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылғанын атап өтті.

Өрт сағат 19-22-де оқшауланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1926007-arysta-zuk-poiyzynyn-konteinerinen-ort-syqty/

pixel