Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста фосфор тиелген контейнерлер өртенді: Жақын маңдағы тұрғындар көшіріліп жатыр

Опубликовано:

Арыс түтін1
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov

Арыс қаласында фосфор тиелген контейнерлерден өрт шығып, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның мәліметінше, бүгін кешкі сағат бес жарым шамасында Арыс станциясында Жамбыл облысынан Ресейге бет алған фосфор тиелген екі контейнер отқа оранған.

"Өртті сөндіру үшін аудан мен облыстың барлық төтенше жағдай күштері жұмылдырылды. Алайда сары фосфор ұзақ жанатыны белгілі және түтіні қою болады. Сондықтан желдің бағыты өзгерген жағдайда халықтың өміріне қауіп төнбес үшін аудан әкімдігі жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Эвакуацияланған тұрғындардың барлығы ыстық тамақ пен және жатын орынмен қамтамассыз етілетін болады. Жағдай бақылауда", - дейді ол.

Сонымен қатар, Сәкен Қалқаманов өзі де оқиға орнына аттанғанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1926011-arysta-fosfor-tielgen-konteinerler-ortendi-zaqyn-mandagy-turgyndar-kosirilip-zatyr/

pixel