Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арыс" станциясындағы төтенше жағдай: ҚТЖ өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Арыс теміржол11
Оқиға орнынан фото:: instagram.com/arys_kalasy_akimdigi

"Арыс" теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен шыққан өртке қатысты "ҚТЖ" ҰК" АҚ Facebook парақшасында пікір білдірді.

"Бүгін сағат 15.25-те Түркістан облысының Түлкібас-Арыс учаскесінде өткел бойынша кезекші, нұсқаулық бойынша өтіп бара жатқан жүк пойызының жай-күйін бақылау кезінде, контейнерлердің бірінің түтінденгенің байқаған. Ол көргендері туралы радио арқылы пойыз машинисіне хабарлаған. Құрамды тексеру барысында локомотив бригадасы контейнердің өртене бастағанын анықтады. Арыс станциясына өрт сөндіру машинасы мен өрт пойызы шақырылды", - дейді "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Ведомство оқиғаның себептерін тексеру бойынша комиссия құрылғанын, алдын ала тексеріс қорытындысы бойынша жүк жөнелтуші тиеудің техникалық шарттарын бұзғаны анықталған.

"ҚТЖ" мәліметінше, қазақстандық меншік иесінің контейнері Қазақстан аумағы арқылы Ресейге, одан әрі Үндістанның Нава-Шева теңіз портына жөнелтілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Арыс" теміржол станциясында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққанын хабарлаған едік.

Кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов оқиға орнына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының қаупісіз жерге көшіріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926021-arys-stanciyasyndagy-totense-zagdai-qtz-orttin-syguyna-ne-sebep-boluy-mumkin-ekenin-aitty/