RU

COVID-19: Елімізде бір күнде қайтыс болған науқастар саны 158-ге жетті

Кор
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандар бойынша қатысты соңғы мәліметті жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

5 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында 128 адам - коронавирустан, тағы 30 адам – коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Ең көп пациент өлімі елорда мен Атырау облысында тіркелген - 18 адамнан, Шымкент қаласы мен Қарағанда облысында 17 адамнан қайтыс болған.

Айта кетсек, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 871 адамның жағдайы ауыр, 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда коронавирусқа қатысты 6 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 7 899 адамның коронавируспен ауырғаны расталды.

Еске салсақ, кеше, ДСМ мәліметінше, тағы 7 769 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Сонымен бірге, бір тәулікте 155 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарланған. Бұдан бөлек, күні кеше Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бағалау жөніндегі брифингте қала бойынша әр минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатқаны айтылған. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеген-ді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926034-covid-19-elimizde-bir-kunde-qaitys-bolgan-nauqastar-sany-158-ge-zetti/