Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы төтенше жағдай: Оқиға орнынан суреттер жарияланды (фото, видео)

Опубликовано:

Пожар в Арыси
Оқиға орны. Фото: instagram.com/turkistan_tjd

Түркістан облысы ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында Арыс қаласындағы апат орнынан фотолар мен суреттер жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарияланған кадрлардан өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көруге болады. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенше, сары фосфор тиелген вагондар өртке оранып үлгерген.

Арыстағы өрт
Оқиға орны. Фото: instagram.com/turkistan_tjd

Әкімдік 1700 адамды қауіпті аймақтан Наурыз шағын ауданының барлық тұрғынын көшірген. Олардың 1050-і туыстарының үйіне орналасса, 650 адам эвакуациялық орындарға орналастырылатынын айтқан болатын.

Пожар в Арыси
Оқиға орнынан. Фото: instagram.com/turkistan_tjd

Қазіргі таңда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өрт толығымен сөндірілгенін және тұрғындардың денсаулығына еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Пожар в Арыси
Оқиға орны. Фото: instagram.com/turkistan_tjd

Еске салсақ, кеше, 6 тамыз күні кешке Түркістан облысы Арыс қаласының теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққан. Өңірде оқиғаның себептерін тексеру бойынша комиссия құрылып, алдын ала тексеріс қорытындысы бойынша жүк жөнелтуші тиеудің техникалық шарттарын бұзғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926039-arystagy-totense-zagdai-oqiga-ornynan-suretter-zariyalandy-foto-video/

pixel