Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлі мысықты көшеде велосипедпен сүйреген Жезқазған тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды (видео)

Опубликовано:

Скриншот
Кадр: instagram.com/etozhez/

Өлі мысықты велосипедіне байлап, қала көшелерінде сүйреген жезқазғандық тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Жезқазған қаласының тұрғыны мысықты велосипедке байлап алып сүйреткен. Оның бұл әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр. Адам шошырлық көрініс көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған. Ал 51 жастағы велосипедшінің өзі ауласынан тауып алған өлексені қаланың сыртына апарып көмбек болған.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде жануарларды қорлауға байланысты 9 қылмыстық іс қозғалған.

Аталған жайтқа қатысты Қарағанды облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының қызметін атқарушы Жансая Жүнісова пікір білдірді:

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 316 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жануарларға қатыгездік таныту болып табылады. Барлық сараптамалар тағайындалды. Соған сәйкес процессуалдық шешім қабылданып, мамандардан  толық жауап беріледі", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926044-oli-mysyqty-kosede-velosipedpen-suiregen-zezqazgan-turgynyna-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy-video/

pixel