Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баланы қойдың нәжісіне жуындырып емдемек болған ата-анаға іздеу салынды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Ішкі Істер министрлігіндегілер мен Балалар құқығын қорғау комитетіндегілер баласын ел естімеген тәсілмен емдемек болған ата-ананы іздестіріп жатыр. Құзырлы органдар балаларын қойдың жынына жуғандарды мықтап жауапкершілікке тартпақшы, деп хабарлайды 31 арна.

Желіде шиеттей баланы қойдың ішек-қарнынан шыққан жынмен шомылдырып жатқан әйелдердің әрекеті бейнеленген сурет тарап, ол әлеуметтік желі қолданушыларының ызасын тудырған. Жұрт баланы осылайша мазақ еткендерді жауапқа тарту керектігін жарыса жазды.

Мұны көрген Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері де іле-шала іске кірісті. Олар емшілердің әдісі бүлдіршіннің физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін алға тартып, ата-анасын жауапқа тартуды көздеп отыр.

"Ол постта тезекке шомылдырып жатқан сурет таратылып жатыр. Сол бойынша бала құқын қорғау комитетінде шұғыл түрде Ішкі істер министрлігінде баланы анықтау бойынша сұраныс жолданды. Ол балаларға керек кезде көмек беру үшін ата аналарымен түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін сондай мақсатпен сол отбасын табу", - дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы дейді Гүлназ Қошқарова.

Ал елдегі халық медицинасы қауымдастығының өкілдері жынға шомылдырып емдеу әдісі бұрыннан келе жатқанын айтады. Әсіресе буын қақсағанда жынды қолдану, таптырмас ем дейді олар.

"Әр емшінің емдеу әдісі бар. Қазір фекалды трансплантация ғылымы да бар. Ертеде қарияларымыз қақсаған буындарын сиырдың қиымен емдейтін. Шелекке нәжісті толтырып алып, аяғын салатын. Яғни жаңа түскен нәжістің жылы температурасы шипасын береді", - деп түсіндіреді Қазақстан халық медицинасы қауымдастығының мүшесі, емші Юлия Бортюк.

Ал мұсылманша құранмен, қамшы ұрып емдейтін тәуіптер нәжістің балаларға зиян екенін айтады. Себебі онда түрлі паразиттер мен инфекциялар жүреді.

"Нәжіс шариғатта харам есептелінеді. Екіншіден, нәжісте түрлі аурулар болуы мүмкін. Бактериялар, микробтар болуы мүмкін. Адамға жұғады. Қайта ауру тудыруы мүмкін", - деп пікір білдірді емші Алтынбек Құралов.

Қазіргі таңда ішкі істер министрлігі тексеріс бастап, баланың ата-анасын іздестіріп жатыр. Перзенттерінің өмірі мен денсаулығына салғырттық танытқаны үшін, ата-ана әкімшілік немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926051-qazaqstanda-balany-qoidyn-nazisine-zuyndyryp-emdemek-bolgan-ata-anaga-izdeu-salyndy/

pixel