Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы елімізде тағы 3 миллионнан астам мал қырылатынын болжады

Опубликовано:

Алмасбек Садырбаев
Алмасбек Садырбаев. Фото: instagram.com/almasbeksadyrbaev/

Қазақстанда үш жарым миллионнан астам мал басы қырылып, екі миллионнан астам адам табыс көзінен айырылуы мүмкін. Мұндай болжамды Қазақстан ұлттық қой өсіру қауымдастығындағылар айтып отыр. Алайда министрлік өкілдері бұл болжаммен келіспей отыр, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

"Еуразия" Бірінші арнасының ақпаратына сүйенсек, қуаңшылық Балқаш өңіріне де жеткен. Балатопар ауылында аптап ыстықтан шөп қурап, көлдер тартылып қалған. Ал ауыл тұрғындары мал аштан қырылып жатқанын айтуда. Ұлттық қой өсіру қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев қазірдің өзінде елдегі мал басының 30%-ы қырылғанын айтады. Ал үкімет болса, жағдайда қалпына келтіру үшін еш әрекет жасамай отыр, дейді ол.

Мәселен, ел президенті жем-шөп экспортын шектеу туралы тапсырма берген. Ал министрлік болса, шаруалар силос, қарабидай, пішен, сұлы экспортына шектеу қойды. Бірақ, сарапшының айтуынша, шаруалар аталған дәнді-дақылды пайдаланбайды.

"Олар 4-5 сұрыптағы жемдік астық пайдаланады, ал шаруалар кебек пен арпа алады. Міне, дәл осыларды сыртқа шығарады. Біздің ел 30 жылдың ішінде жем-шөп cаясаты туралы ойланған да жоқ. Малдың қырылуы арта береді, 3 миллионнан астам мал қырылады", - деген болжам айтты Садырбаев.

Ал Ауылшаруашылық министрлігіндегілер бұл пікірмен келіспей отыр. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Қайрат Мутаев жағдайдың күрделі екенін растады. Алайда, ол қырылған мал саны ондай көп емес деп отыр.

"Маңғыстау облысындағы өлген мал басы шамамен 1 159, ал Қызылорда облысы Арал ауданында шамамен 480 мал қырылған. Бірақ, облыстардағы мал саны бойынша есептегенде, бұл көрсеткіш жалпы мал санының 1%-нан аспайды", - дейді Мутаев.

Бұдан бөлек, Ауылшаруашылық министрлігіндегілер проблеманы шешу үшін жұмыс тобын құрып, жем-шөп әзірлеу жөнінде штаб құрған.

Ал күні кеше маңғыстаулық шаруалар дабыл қағып, келесі жазда өңірде мал қалмайтынын жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926058-sarapsy-elimizde-tagy-3-millionnan-astam-mal-qyrylatynyn-bolzady/

pixel