Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікұшақтар Ақтау үстінен вирус шашып жүргені рас па: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Тікұшақ1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде Ақтаудың үстінен "тікұшақтар вирус шашады" деген хабарлама жарияланды. Бұл мәліметті еліміздің Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды деп жазады Stopfake.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтар оқу-жаттығу ұшуларына жұмылдырылған. Олар вирус та, улы химикаттар да шашқан жоқ.

"Әскери даярлық жоспарына сәйкес, аптасына бірнеше рет барлық авиациялық базаларда ұшу дағдылары мен кәсіби шеберлік деңгейді қолдауға бағытталған оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі. Ұшулар таңертең ерте басталады және ауа температурасы +35 градустан жоғары көтерілгенде аяқталады. Сондай-ақ ұшу құрамын даярлау бағдарламасында түнгі ұшулар қарастырылған. Әуежай Ақтау қаласына тікелей жақын орналасқандықтан, ұшу маршрутының бір бөлігі қала аудандарына жақын орналасқан, – делінген министрліктің ресми жауабында.

Сондай-ақ, әскери ұшақтар мен тікұшақтар қандай да болмасын сұйықтық шашу үшін қажетті арнайы аспалы жүйемен жабдықталмаған. ҚК ӘҚК ӘӘК иелігінде бар аспалы жүйелер тек қана сумен толтыруға арналған және оларға басқа сұйықтықтарды құю мүмкін емес. Бұл жүйелер өрт сөндіру кезінде қол жетпейтін жерлерде, яғни дала, орман өрттерін сөндіру үшін қолданылады.

Порталдың мәліметінше, "ұшақтар мен тікұшақтардан у шашу" теориясы қастандық теориясын жақтаушылар арасында кеңінен таралған. Алайда жылдар бойы оған растаулар табылған жоқ.

Жалған ақпарат
Фото: stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926065-tikusaqtar-aqtau-ustinen-virus-sasyp-zurgeni-ras-pa-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel