Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Bharat Bhushan/Hindustan Times via Getty Images

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда жатыр, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Ведомство 6 тамыздағы мәлімет бойынша тіркелген қайғылы жағдайлар санын жарияланды.

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды. Оның 105-сі КВИ+, 17-сі КВИ-. Пациент өлімі елордада көп, қалада 20 адам қайтыс болған, Алматыда – 19, Шымкентте – 18 науқас көз жұмған.

Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7 802 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 634 214-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926100-elimizde-koronavirustan-122-adam-qaitys-boldy/

pixel