Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда нөмірі "әдемі" көлікті тізгіндеген мас жүргізуші апатқа ұшырады

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/astana_sergek

Желіде тараған видеоның кадрларында "әдемі" нөмірлі автокөлік жолда тәртіпсіздік танытып, ереже бұзып, содан кейін апатқа ұшырады. Нұр-Сұлтан полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Видеолар Instagram әлеуметтік желісіндегі astana_sergek парақшасында жарияланды.

Автордың айтуынша, оқиға бір күн бұрын Қосшы мен Нұр-Сұлтан арасындағы тасжолда болған. Бейнежазба сипаттамасында Lada Largus жүргізушісінің дыбысты сигнал беріп, жолды олай да бұлай кесе жүріп, тәртіпсіздікке бой алдырған.

Нәтижесінде оның әрекеті жол-көлік апатына әкеп соқты.

Жазбаның астында Нұр-Сұлтан полиция департаментінің оқиғаға қатысты түсініктемесі пайда болды.

Белгілі болғандай, өткен сенбі күні кешке Қарқаралы тас жолында Lada Lаrgus жүргізушісі Lada Xray көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, Largus жүргізушісі жол бойында көлік жүргізіп, ережені өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған.

Құжаттарды тексеру кезінде көліктен алкогольдің иісі шығып тұрған, деп атап өтті полицейлер. Медициналық сараптама жүргізушінің мас күйінде болғанын анықтады. Сондай-ақ, ер адамның көлік жүргізу куәлігі жоқ екені белгілі болды, себебі ол бұған дейін куәлігінен айырылған.

Қазіргі уақытта Lada Lаrgus маркалы көлігін басқарған 27 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам ұсталды, көлік коммуналдық автотұраққа қойылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926120-nur-sultanda-nomiri-ademi-kolikti-tizgindegen-mas-zurgizusi-apatqa-usyrady-video/

pixel