Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда дронның көмегімен карантин кезінде өткізіліп жатқан той тоқтатылды

Опубликовано:

Дрон
Көрнекі фото: wired.com

Атырауда демалыс базасындағы үйлену тойы дронмен анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, карантин кезінде демалыс базасының бірінде үйлену тойы өткен.

Мониторинг тобы 8 тамызда Береке ауылындағы демалыс базасының бірінде өткізілген үйлену тойын дрон арқылы анықтады.

Әуеден түсірілген видеода демылыс базасының аумағында көп көліктің тұрғаны байқалды. Топ мүшелері демалыс базасына барғанда 90-ға жуық қонақтың қатысуымен үйлену тойы өтіп жатқанын тіркеді.

"Демалыс базасының әкімшісі карантин шектеуіне қарамастан салтанатты іс-шара өтетін нысанды жалға бергенін мойындады", -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда бір кеште екі тойдың өткені анықталған еді.Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Одан бөлек, Қарағандыда карантин талаптарын бұзып, мейрамханаға жиналғандарды тарату үшін полиция ғимаратты қоршауға алған болатын.

"Тойға 40 адам қатысқан. Ал, үлкен залда 57 жастағы қала тұрғынының ұйымдастыруымен қыз ұзату тойы өткізіліп жатқаны белгілі болды. Ол тойға шамамен 350 адам шақырылған. Полиция қызметкерлерімен мобильді топтың қабылдаған іс-шараларының арқасында мерекелік шара тоқтатылды", – деп хабарлайды облыстық ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926149-atyrauda-dronnyn-komegimen-karantin-kezinde-otkizilip-zatqan-toi-toqtatyldy/

pixel