Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам қайтыс болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.cpm

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 8 тамыз күні орын алған.

27 жастағы әйел гидроциклмен ер адамды қаққан. Түркістан облысының тұрғынының қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалғаны белгілі болды.

Салдарынан 40 жастағы семейлік азамат оқиға орнында көз жұмған.

Сонымен қатар, марқұмның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабардар етті.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926154-alakolde-gidrocikl-qaqqan-40-zastagy-er-adam-qaitys-boldy/

pixel