Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламның еміне ақша керек": ШҚО-да екі зейнеткерді алдап кеткен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында екі зейнеткерді алдап соққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай аудандық полиция бөлімшесіне 89 жастағы зейнеткер жүгінген.

Өз сөзінде ол бейтаныс ер адамның отын әкеліп беремін деп 55 000 теңге алғанын жеткізді. Алайда ол сол күйі хабарсыз кеткен. Сондай-ақ полиция қызметкерлері тағы бір фактіні анықтады.

"72 жастағы зейнеткер өзін әңгімеге тартқан белгісіз біреудің "ұлымның еміне ақша керек" деп көмек сұрағанын айтты. Ойына еш секем келмеген ол алаяққа 20 000 теңге берген. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды қолға түсірді. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де сотталған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда 93 жастағы әжей алаяқтарға оңбай алданып қалған болатын.

Оның үй телефонына қоңырау шалып, немересін полицияға әкетіп бара жатқанын айтқан. Олар мәселені шешу үшін зейнеткерден 5 мың доллар талап еткен.

Қорыққан зейнеткер өзінің бар жиған-терген 300 мың теңгесін ұсынған. Оған балконға келген әйелге ақшаны лақтыруды бұйырған. Аңғал әжей қаскөйлердің айтқанын орындаған.

Кейінірек, туыстарымен хабарласқан ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926155-balamnyn-emine-aqsa-kerek-sqo-da-eki-zeinetkerdi-aldap-ketken-er-adam-ustaldy/

pixel