RU

Қапшағайда төрт жасар қыз бала ата-анасынан адасып қалған

жағажай11
Көрнекі фото: pixabay.com

Құтқарушылар Қапшағайда адасып қалған қыздың анасын тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 8 тамызда сағат 14:40 куәгерлер аймақты патрульдеп жүрген құтқарушыларға келіп, кішкентай қыздың ата-анасын таба алмай, жылап тұрғанын айтқан.

"Құтқарушыларға төрт жасар қыз баланың анасын табу үшін 30 минут қажет болды. Қыздың ата-анасы баласының жоғалғанынан хабарсыз болған. Олар жағажайдағы орындықта отырған. Құтқарушылардың "Бала жоғалтып алмадыңыздар ма?" деген сауалына алдымен "жоқ" деп жауап берген. Артынша құтқарушыларды қуып жетіп, өздерінің қызы жоғалып кеткенін айтқан", - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Осы ретте ведомство балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру қауіпті екенін еске салды.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам қайтыс болған еді.

Қайғылы жағдай 8 тамыз күні орын алған. 27 жастағы әйел гидроциклмен ер адамды қаққан. Түркістан облысының тұрғынының қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалғаны белгілі болды.

Салдарынан 40 жастағы семейлік азамат оқиға орнында көз жұмған. Сонымен қатар, марқұмның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926157-qapsagaida-tort-zasar-qyz-bala-ata-anasynan-adasyp-qalgan/