RU

Коронавирус: Қазақстанның бір өңірі "сары" аймаққа өтті

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңартылды. Оған сәйкес, Түркістан облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа енді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

9 тамыздағы жағдай бойынша

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.
  • Ал "сары" аймақта Түркістан облысы ғана тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан 140 адам көз жұмды. Одан бөлек, бір тәулікте 7671 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған.

9 тамыздағы мәлімет бойынша 113 186 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 981 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926164-koronavirus-elimizdin-bir-oniri-sary-aimaqqa-otti/