Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда үй иелері мониторинг топ өкілін қақпа сыртына итеріп шығарып жіберген

Опубликовано:

Мониторинг
Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

Қарағандыда іс-шара өткізбек болғандар мен мониторинтік топ өкілдерінің текетіресі видеоға түсіп қалды. Нәтижесінде үй иелері мониторингтік топ өкілін жекежайдың қақпасынан итеріп шығарып жіберген.

Болған жайт туралы "Вечерняя Караганда" Telegram каналы мәлімдеді.

Қалалық әкімдіктің каналға хабарлауынша, пандемия кезінде тыйым салынғанына қарамастан отбасылық мереке өткізіп жатқандар туралы Күнгей шағын ауданының тұрғындары хабарлаған.

Қалалықтардың сөзінше, коттедждерің бірінде жаппай мерекелік іс-шара өткен. Көрсетілген мекен-жайға мониторингтік топ өкілдері барған кезде факті расталған.

"Бірақ жекежайдың иелері шақырылмаған қонаққа қуана қоймады және оларды қақпаның сыртына итеріп шығарды", - деп жазады канал.

Дегенмен, коттедж иелері айыппұлдан құтылмаған. Қарағанды әкімдігінің хабарлауынша, үй иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Шақырылған қонақтарменде әңгімелесу жүргізіліп, олардан түсініктеме алынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда дронның көмегімен карантин кезінде өткізіліп жатқан той тоқтатылған еді.

Әуеден түсірілген видеода демылыс базасының аумағында көп көліктің тұрғаны байқалды. Топ мүшелері демалыс базасына барғанда 90-ға жуық қонақтың қатысуымен үйлену тойы өтіп жатқанын тіркеді.

"Демалыс базасының әкімшісі карантин шектеуіне қарамастан салтанатты іс-шара өтетін нысанды жалға бергенін мойындады", -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926169-qaragandyda-ui-ieleri-monitoring-top-okilin-qaqpa-syrtyna-iterip-sygaryp-zibergen-video/

pixel