Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда полицияның көзінше қашып кеткен тұтқынға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Опубликовано:

Иван Зозуля
Видеодағы кадр: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысының полиция департаменті қашып кеткен тұтқынға қатысты мән жайды жариялады. Таразда тұтқынның қашу оқиғасына қатысты мән-жайды жариялады. Анықталғандай, оқиға 5 тамыз күні сағат 17.30 шамасында облыстағы ҚАЖД 158/1 мекемесінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Тараз қалалық №2 сотының қаулысымен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаннан кейін тәртіп бұзғаны үшін өтелмеген 2 жыл 10 ай 17 тәулікке қамауға алынған 26 жастағы Иван Зозуля Жамбыл облысы ҚАЖД 158/1 мекемесіне жеткізілген кезде белгісіз бағытта қашып кеткен.

"Зозуля 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны және есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды", – деп түсіндірді облыстың полиция департаментінде.

8 тамызда жедел іздестіру шаралары кезінде, кешкі сағат 21.00 шамасында, сотталушыны Тараз қаласындағы Қарасу ықшамауданында полиция қызметкерлері ұстады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 426-бабы (қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмыс жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, полиция қызметкерлерінің көзінше қашып кеткен 1994 жылғы тұтқынның іс әрекеті видеоға түсіп қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Тұтқын ішінде тәртіп сақшылары күтіп отырған полиция көлігінің жанында қызды құшақтап тұрғанын көруге болады. Содан оңтайлы сәтті пайдаланған жас жігіт қабырғадағы құбыр арқылы төбеге шығып, қашып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926226-tarazda-tutqyn-zigit-qasyp-ketti-oqiganyn-egzei-tegzeii-belgili-boldy/

pixel