RU

Қазақстанда доллар күрт қымбаттап кетті

Доллар
Көрнекі фото: pexels.com

Аптаның бірінші күнінен-ақ Қазақстанда доллардың құны күрт өсті. Демалыс күндері америкалық валюта 2 теңгеден аса қымбаттады. Өзекті ақпарат KASE Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған

KASE сайтындағы мәліметтерге сәйкес, бүгін, 9 тамызда таңғы сауда-саттық бір доллар үшін 426,3 теңгемен аяқталды.

Осылайша, өткен жұмадан бері "америкалық" өз бағасына 2,06 теңге қосқан.

Ал бір ай ішінде доллар 1,05 теңгеге арзандады.

NUR.KZ -тің айырбас бағамы парақшасына сәйкес, Алматыдағы ақша айырбастау мен екінші деңгейлі банктер бір долларды 427,3 - 428,6 теңгеден сатады, сатып алу – 424,5 - 426 теңгеден.

Нұр-Сұлтанда америкалық валютаның біреуін 427,5 - 428,6 теңгеге сатып алуға және 424,5 - 426 теңгеге сатуға болады.

Дәл осындай бағалар Шымкентте де өзекті болып табылады. Мұнда доллар 427,5 - 428,6 теңгеден сатылады, ал 424 - 425 теңгеге сатып алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926236-qazaqstanda-dollar-kurt-qymbattap-ketti/