Коронавирус: Індетке шалдыққан екі мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайына қатысты соңғы статистикалық мәліметтермен бөлісті.
9-тамыздағы дерек бойынша, қазір ел өңірлерінде 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (–109 382 + және 3 804 КВИ-) ем қабылдауда. Олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 981 адамның жағдайы ауыр,
- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 7671 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926242-koronavirus-indetke-saldyqqan-eki-mynga-zuyq-nauqastyn-zagdaiy-auyr/